$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.09.2019, 11:23
Оқиғалар

Түркістандық әйел көпбалалы аналарға жәрдемақы әперемін деп, 10 млн теңге жинап алған

Алаяқтық жасады деген әйелдің өзі 8 баланың анасы болып шықты

Түркістандық әйел көпбалалы аналарға жәрдемақы әперемін деп, 10 млн теңге жинап алған
Көрнекі фотосурет

Алаяққа алдандық деген әйелдердің саны 70 адамды құрап отыр. Олардың бәрі мемлекеттен қайтарымсыз жәрдемақы алмақ болған деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Тергеу барысында анықталғанындай, күдікті әйел жергілікті тұрғындардан 10 млн теңге шамасында қаражат жинап алған. Ол бұл қылмысты бұрынғы мемлекеттік қызметкермен бірігіп істеген. Экс-шенеунік қазір қамауда екен.

Белгілі болғанындай қылмысы әшкереленген әйел 8 баланың анасы. Балаларының алды тұрмыста болса, кенжесі 2 жаста. Полиция қазір «Алаяқтық» бабы бойынша істі тергеп жатыр.

«Әйел адам көп балалы ана болғандықтан сот оны үй қамағына алып отыр. Түркістан қаласының тергеушілерімен іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданды, 70 жәйт бойынша. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары қосымша 11 эпизодқа байланысты жалғасып жатыр», - дейді Түркістан облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Серіктес жаңалықтары