$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.12.2021, 14:26
Оқиғалар

Семей тұрғыны алаяққа 2,7 млн теңгесін беріп, алданып қалды

Күдікті 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Семей тұрғыны алаяққа 2,7 млн теңгесін беріп, алданып қалды
Фото ашық дереккөзден

Семейлік тұрғын алаяққа 2,7 млн теңгесін беріп қойды, деп хабарлайды Polisia.kz.

12 желтоқсанда Семей қалалық ПБ Орталық ПБ «102» жедел арнасына қаланың 27 жастағы тұрғыны жүгінді, ол 2019 жылдың мамыр айының басында Уәлиханов көшесінде пәтер алуға көмектесемін деген сылтауымен оның ақшалай қаражатын иемденгенін хабарлады. Осылайша 2,7 млн теңге залал келтірді.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 45 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Жауап алу кезінде күдікті қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтып, кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәлі деп танылған жағдайда оған 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Серіктес жаңалықтары