ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте тағы 272 адамнан коронавирус анықталды

Желіде апатқа ұшыраған ұшақтың құлаған сәтіндегі видеосы жарияланды

Fokker 100 ұшағының апатқа ұшыраған сәттегі көрінісі YouTube желісіндегі Joella Horn арнасында пайда болды

Видеодан кадр

Алматыда 27 желтоқсан күні апатқа ұшыраған ұшақтың құлаған сәті түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Bek Air компаниясына тиесілі Fokker 100 ұшағының апатқа ұшыраған сәттегі көрінісі YouTube желісіндегі Joella Horn арнасында пайда болды. Видео бақылау камерасына түсіп қалған екен. Видеокадрларда бетон қоршауы, жарық шамы мен қарлы жол көрінеді.

Ал ұшақтың құлаған сәтін видеодағы 1:27 секундта көруге болады. Бірнеше секундтан кейін кадрдан ұшақ көрінеді. Ұшақ жерде сырғанаған қалпы, қоршауды тесіп өтіп, жарық шамын бұзып кетеді.

Еске салсақ, 2019 жылдың 27 желтоқсанында бортында 93 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар Bek Air ұшағы Алматы түбінде апатқа ұшыраған болатын. ІІМ апат салдарынан 12 адамның көз жұмғанын хабарлады. Қазір ұшақ апатының себебін анықтауға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сұхбат
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған
Англия, Түркия, АҚШ елдеріндегі қазақтар жағдайды баяндады
Америкада маскасыз жүргендерге 1 мың доллар айыппұл салынады