Ішкі істер министрлігі қаза тапқан 12 адамның аты-жөнін жариялады
Сағат 12:30-дағы жағдай бойынша ұшақ апатынан қаза тапқандардың саны 12 адам, ал 18 адамның жағдайы ауыр
Бүгін Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жолға шыққан Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Бортта бас-аяғы 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Сондай-ақ апат болған ұшақ бортында шетелдік азаматтар да болған. Бұл туралы ақпаратты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратты.
Атап айтқанда, Украинаның 2 азаматы, Қырғызстаннан 1 азамат және 1 Қытай азаматы бар. Қалғандарының бәрі Қазақстан азаматтары.
«Сағат 12:30-дағы жағдай бойынша 12 адам қаза тапқан, олардың қатарында экипаж командирі де бар. Алматыдағы медициналық мекемелерге ұшақ апатынан зардап шеккен 49 адам жеткізілді, 18 адамның жағдайы ауыр. Қалғандарына медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр», - делінген ІІМ хабарламасында.
Қаза тапқан азаматтардың аты-жөндері:
1. Николай Асташов, 1971 жылы туған.
2. Рустам Кайдаров, 1940 жылы туған
3. Бауыржан Калиев, 1974 жылы туған
4. Базархан Карибаев, 1974 жылы туған
5. Марат Муратбаев, 1961 жылы туған (экипаж капитаны)
6. Абай Нурбеков, 1986 жылы туған
7. Аршат Исина, жылы туған
8. Сания Аманжол, жылы туған
9. Дана Круглова, 1984 жылы туған
10. Каирхан Туматов, 1955 жылы туған
11. Валерий Ануфриев, жылы туған
12. Имина Оспанова, 1963 жылы туған