$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.01.2020, 17:25
Оқиғалар

Алматыда автобусқа соғылған жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты

Ауа райының қолайсыздығынан Қазақстан жолдарында бір аптада 39 адам көз жұмды

Алматыда автобусқа соғылған жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты

Алматы қаласында BMW жеңіл көлігі автобуспен соқтығысып, соның салдарынан 21 жастағы жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап,

Басылым мәліметінше, автопарктен шыққан автобус көліктерді өткізіп жіберу үшін Рысқұлов көшесінің қиылысында тоқтап тұрған.

Осы уақытта Рысқұлов даңғылымен келе жатқан BMW көлігі бар екпінімен қоғамдық көлікке соғылған. Көліктің 21 жастағы жүгізушісі жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Жол апатының себебі әзірге белгісіз.  

Айта кетсек, ауа райы қолайсыздығынан Қазақстан жолдарында бір аптада болған 104 жол-көлік оқиғасы салдарынан 39 адам көз жұмған.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, ауа температурасының 0 градусқа дейін күрт жылынуына байланысты жолда көктайғақ пайда болған, ал қалың тұман, жаңбыр мен қар жаууы жолдағы көлік қозғалысына едәуір кедергі келтіруде.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы - Ташкент тасжолында қар құрсауында қалған 26 автокөлік шығарылып, 140 адам суықтан құтқарылған.

Серіктес жаңалықтары