Ақтөбеде мектеп оқушысы жоғалып кетті
Анатолий Лебедев 1 қаңтар күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған
Ақтөбеде 11-сынып оқушысы 1 қаңтар күні үйінен шығып кеткеннен қайтып оралмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті із-түзсіз жоғалып кеткен Анатолий Лебедевті іздеп жатыр.
Жасөспірім Алға ауданының Қарақұдық ауылындағы үйінен 1 қаңтар күні сағат 04:30 шамасында шығып кеткен.
«11-сынып оқитын Анатолий Лебедев үйіне әлі оралмады. Оның бойы – 170-175 см. Қара шалбар, қара-күлгін түсті күрте киген. Іздеу жұмыстарына құрамында полиция, ауыл тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері бар бірнеше топ жұмылдырылды»,– делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Іздестіріліп жатқан жасөспірімді көрген-білген немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдардың мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз: 102, 936-232, 936-325, 8705 819 55 82