Бразилияда арадан қашқан ер адам суға секіріп, балыққа жем болды
Бразилияда балықтың адамға шабуыл жасап, соңы өлімге әкелуі сирек кездеседі
Бразилияның Минас-Жерайс штатында 30 жастағы ер адам аралардан қашамын деп суға секірген еді, пиранья балықтарына жем болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Бразиландия-ди-Минас муниципалитетіндегі ферманың жанындағы көлде болды.
Үш адам көл жағасында балық аулап отырған, кенеттен құжынаған ара пайда бола кетті. Олардан қашамыз деп үшеуі де суға секірген. Екеуі дін аман шыққанмен үшіншісі батып кетті.
Мәйітті көлден шығарғаннан кейін пиранья балығы бетінің оң жағын жұлып жеп қойғаны анықталды. Сол сияқты денесінің өзге де тұстарына зақым келтірген.
Айта кетейік, Бразилияда аталмыш балықтың адамға шабуыл жасап, соңы өлімге әкелуі сирек кездеседі. Мысалға 2015 жылы алты жасар бүлдіршін қыз пиранья балықтарына жем болған. Ал оның алдындағы екі жыл бұрын аргентиналықтарға жаппай шабуыл жасалғаны хабарланған.