$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.11.2021, 01:11
Оқиғалар

«Бөлмесінен тауып алдым»: Семейде зейнеткер полицияға немересінің есірткі қабылдап жүргенін хабарлады

Қарт кісі немересінің денсаулығы үшін алаңдаулы

«Бөлмесінен тауып алдым»: Семейде зейнеткер полицияға немересінің есірткі қабылдап жүргенін хабарлады
Фото ашық дереккөзден

Семей қаласында 65 жастағы зейнеткер полицияға немересінің есірткі қабылдап жүргенін айтып хабарласқан. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің хабарлауынша, қалалық Полиция басқармасы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліміне 65 жастағы зейнеткер жүгінген. Өз сөзінде ол 18 жастағы немересінің бөлмесінен есірткі тауып алғанын, оның денсаулығына алаңдайтынын жеткізді.

 «Қарт кісі есірткіні бөлімшеге алып келген. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл жалпы салмағы 1,92 грамды құрайтын кептірілген марихуана екендігі белгілі болды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


 

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#есірткі #Семей