$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.10.2021, 02:12
Оқиғалар

Болат Бақауов кесілген жазаны өзгертуден айнып қалды

Бақауов Павлодар облысында төрт жыл әкім болды

Болат Бақауов кесілген жазаны өзгертуден айнып қалды

Болат Бақауов кесілген жазаны өзгерткісі келмей қалды. Павлодар облысының бұрынғы әкімі бүған дейін шартты жазаға ауыстыруды сұрап сотқа өзі өтініш түсірген болатын. Бірақ кейін ол шешімінен айнып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Экс-әкімнің неліктен өтінішін кері қайтарғанын соттағылар айта алмады. Тек отырыс болардың алдында-ақ арызын қайтып алған. Оның бұл шешімімен прокурор мен судьяға келіспеске амал қалмады.

Былтыр мамыр айында Болат Бақауов лауазымын асыра пайдаланғаны үшін үш жарым жылға бас бостандығы шектелген еді. Сондықтан жазасын өтеп болғанша пробациялық бақылауда болады. Яғни рұқсатсыз тұрғылықты жерінен ешқайда кетпеуі тиіс.

Бақауов Павлодар облысында төрт жыл әкім болды.

Серіктес жаңалықтары