$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.10.2021, 14:03
Оқиғалар

Талдықорғанда балалардың көпір үстіндегі қауіпті ойыны тоқтатылды

Полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алу жұмыстарын жүргізді

Талдықорғанда балалардың көпір үстіндегі қауіпті ойыны тоқтатылды
Видеодан кадр

Талдықорған қаласындағы көпір үстінде қауіпті ойын ойнаған балалардың ата-анасына ескерту жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында @oleg.tdk атты парақшадан балалардың өз өміріне қауіп тудыратын ойын ойнап жүргені туралы видеоны анықтаған.

«Талдықорған қаласының Ювеналды полиция тобының қызметкерлері Талдықорған қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен бірігіп дереу Қызылтас ауылына барып, қайғылы жағдайдың алдын алу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, балаларға ондай жерде ойнаудың зияны туралы түсіндірілді», - деді Полиция басқармасы бастығының м.а., полиция полковнигі Марат Түсіпбеков.

Оқи отырыңыз: Кальмар ойыны – капитализмнің өнімі – Әсия Бағдаулетқызы

ПД өкілі көпірде ойнаған балалардың ата-аналарыменде  профилактикалық әңгіме жүргізілгенін айтты.

Серіктес жаңалықтары