$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.10.2021, 13:29
Оқиғалар

Ақтауда банк кассирі клиентті сотқа берді

Сот шешімі заңды күшіне енді

Ақтауда банк кассирі клиентті сотқа берді
Фото: ашық дереккөзден

Жергілікті тұрғын Ақтаудағы банктердің біріне келіп, 400 доллар сатып алғысы келген. Жұмыс күнінің соңында кассир бағдарламадағы ақауға байланысты клиенттің картасынан қаражат есептен шығарылмай қалғанын аңғарады. Кассир бұл мәселені өзара шешпек болғанымен, клиент ақшаны сол күйі қайтармай қояды. Амалы таусылған кассир әйел сотқа жүгінуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Лада кз» сайтына сілтеме жасап.

Бұл іс Ақтау қаласының №2 сотында қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, жергілікті тұрғын банкке 400 доллар сатып алуға өтініш білдірген. Кассир теңгенің сол сәттегі бағамы бойынша есептеп, 171 000 теңге сома болғанын айтады. Клиент ақшаны банктік картасынан шешіп беруі тиіс болған. Алайда жұмыс күнінің соңында кассир бағдарламадағы ақауға байланысты ақшаның есептен шығарылмағанын анықтайды.

Клиент ақшаны әлі күнге дейін қайтармағандықтан, кассир сотқа жүгінген.

«Жүргізілген бітімгершілік рәсімі барысында тараптар медиациялық келісімге келді. Жауапкер 8 қарашаға дейін талапкерге 171 000 теңге қарыз ақшаны төлеуге міндеттеме алды», - делінген хабарламада.

Осылайша, азаматтық іс барысы тоқтатылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 
Серіктес жаңалықтары