21.10.2021, 01:14
Оқиғалар
Көлік тізгіндеп келе жатып жылқыға соғылған елорда тұрғыны ауруханаға жеткізілді
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жылқы иесін іздестіріп жатыр
Фото ашық дереккөзден
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 659-шы шақырымында, Бесқарағай ауылының маңында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан қаласының 37 жастағы тұрғыны түнгі уақытта көлік тізгіндеп келе жатып, жолға атып шыққан жылқыға соғылды. Жол апаты салдарынан түрлі жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды. Аталған факті аудандық полиция бөлімінде тіркелген.
«Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жылқы иесін іздестіріп жатыр. Ол ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады