17.10.2021, 10:19
Оқиғалар
Киноэкипаж ғарыштан Жерге бет алды
Бүгін ғарышкер Олег Новицкий, режиссер Клим Шипенко және актриса Юлия Пересильд Жерге қонуы тиіс
ria.ru
«Союз МС-18» кемесімен ғарышқа ұшқан ресейлік киноэкипаж Халықаралық ғарыш станциясында 1 апта болды. Олар ғарышкерді құтқаратын медицина қызметкері туралы «Вызов» фильмін түсірді. Киноэкипаж ғарыш станциясына кәсіби ғарышкер Антон Шкаплермен аттанған болатын, ал бүгін Олег Новицкимен Жерге қонбақ.
Қазір Жезқазған мен Қарағанды аэродромдарынан Ан-12 және Ан-16 ұшақтары «Союз МС-18» кемесінің координаттарын анықтайтын арнайы құрылғыларымен ұшып шықты.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
15.11.2026, 18:36
Астанада балағат сөздер айтқан такси жүргізушісі бес тәулікке қамауға алынды (ВИДЕО)
