Қызды қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпек болды
Қайғылы оқиға бүгін түнде орын алды
Талғар тас жолының бойындағы супермаркеттен шыққан қыз жол жиегінде такси тоқтатып тұрған. Сол сәтте трассамен шығыс бағытта келе жатқан Honda CR-V көлігі жол шетіне шығып кетіп, қызды қағады. Соққыдан қыз шетке қарай ұшып кеткен, деп хабарлайды zakon.kz.
Ал Honda автокөлігінің жүргізушісі тоқтамастан, оқиға орнынан жасырынған. Бір шақырымдай жүрген соң әлгі көлік оң жағында келе жатқан Toyota Camry көлігімен қатарласады. Сәл уақыттан кейін әлгі Toyota көлігін артынан соққан. Toyota жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып, тоқтап тұрған Mercedes көлігіне соқтығысады.
Осы сәтте ғана көліктен шыққан Honda жүргізушісі өзін ашулы ұстаған көрінеді. Тағы да қашып кетуге тырысқан жүргізушіге оқиға куәгерлері мүмкіндік бермеген. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші қатты мас болған.
Ал көлік қаққан қыз жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.