17.10.2021, 12:07
Оқиғалар
Мектепте ішімдік ішкен мұғалім екі бірдей оқушыға қол көтерді
Оқиға Украинаның Днепр қаласында орын алған
Фото ашық дереккөзден
Мас күйдегі мұғалім сабақ үстінде екінші сыныптың екі оқушысын ұрған, деп хабарлайды Риа.ру.
«2в» сыныбы оқушыларының айтуынша, мұғалім жұмыс уақытында ішімдік ішіп, тіпті, бесінші сабаққа қарай сөйлей алмай қалған. Оған қоса ол «дұрыс жазбадыңдар» деген желеумен екі қыздың басынан ұрған» деп жазды әлеуметтік желіде ата-аналардың бірі.
Оның айтуынша, мұғалім қазір жұмыстан шығарылған. Мектеп басшылығы ұстаздың мұндай қылығын бұрыннан білген көрінеді. Тіпті, ол бұрынғы қызметінен осы әрекеті үшін қуылыпты. Алайда қазіргі білім ордасының әкімшілігі қаладағы педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігінен мұғалімнің әрекетін жасырып келген.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты