ШұғылӨткен аптада Қазақстанда коронавирустан 28 адам қайтыс болды

Алматыда ұшақ апаты құрбандарына қойылған гүл шоқтарын ұрлаған адам ұсталды

Әуежай жанында қала тұрғындарының ұшақ апаты құрбандарына қойған гүл шоқтарын ұрлаған ер адам 5 тәулікке қамалды

Фото: Вячеслав Батурин / Алматы полициясы департаменті

Алматыдағы әуежай жанында қала тұрғындарының ұшақ апаты құрбандарына қойған гүл шоқтарын ұрлаған ер адам 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам қоғамдық жерде мас күйде бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«30 желтоқсанда 37 жастағы ер адам мас күйде қоғамдық жерде ереже бұзды, бұл бір жыл ішінде екінші рет қайталанып отырған жағдай. Ол Түрксіб ауданындағы Монтажная көшесінде орналасқан дүкеннің маңында мас күйде жүріп, қоғамдық тәртіп бұзды», - делінген хабарламада.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, ер адам сот барысында кінәсін толық мойындап, мұндай жағдайдың енді қайтып қайталанбайтынын айтқан. Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық сот үкімі бойынша ер адам 5 тәулікке қамалды.

Естеріңізге сала кетсек, кеше белгісіз ер адамның әуежай маңында ұшақ апатынан қаза тапқандарға қойылған гүл шоқтарын алып кетпек болғаны туралы жазған болатынбыз.