ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 794 адамнан коронавирус анықталды

Өскеменде жас жігіт «көлігімді ұрлады» деп арызданып, полицейлерді әбігерге салды

Автомобиль жол көлік оқиғасы болған жерден табылды

Өскемен қаласында 23 жастағы жігіт полицейлерге арызданып, көлігін белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін айтқан. Алайда, іздеу барысында автомобильдің ұрланбағаны анықталды.

Белгілі болғандай, спирттік ішімдікке тойып алған жас жігіт көлігімен соқтығысқан. Жауапкершіліктен қашу үшін ол полицейлерге хабарласып, көлікті белгісіз біреулердің айдап кеткенін мәлімдепті.

Сол сәтте шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары «ұрланған» автомобильді жол көлік оқиғасы болған жерден тапты. Ал, бейнебақылау камераларынан көлікті ешкім ұрламағаны, арыз жазған жігіттің өзі соққаны анық көрінеді.

Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.