Алматыда өгей ұлын ұрып өлтірген ер адам 18 жылға сотталды

Алматыда «кедергі келтірген» өгей ұлын ұрып өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағы («Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан кісі өлтіру») бойынша кінәлі деп тапты. Оны 18 жылға бас бостандығынан айырып, қауіпсіздігі қатаң қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейтін болады», - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің өкілдері.
Оқиға 23 қыркүйекте болды. Бұл күні қалалық ауруханалардың біріне екі жасар баланы ессіз күйде жеткізілген. Бала комаға түскен. Оған бас сүйегінің трепанациясын жасауға тура келген, алайда оң нәтиже бермеген: үшінші қазанда бала қайтыс болды.
Қаза тапқан баланың өгей әкесі қылмысын мойындады. Ол қайғылы оқиға болған күні үйде баламен қалып, оның жары жұмысқа кеткенін айтты. Ер адам жеті немесе сегіз литр сыра ішіп, содан кейін баламен бірге шаштаразға барған. Жолда бала еркелеп, көтеруін сұраған. Осы әрекеті үшін бала басынан соққы алған, асфальтқа құлап, тағы да соққы алып, қатты жылай бастаған. Сонда өгей әкесі оның ішінен ұрған. Бала есінен танып қалған. Кездейсоқ өтіп бара жатқан адам жедел жәрдем шақырған.