ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 140 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Әлеуметтік желіде ұшақтан құтқарылған сәби туралы видео кең тарап кетті

Бейнежазба Instagram желісінде ztb_video парақшасында жарық көрді

Фото: видеокадр

Алматы маңында құлаған ұшақтан нәрестені құтқару сәті бейнеленген видео желіде кең тарап кетті. Бейнежазба Instagram желісінде ztb_video парақшасында жарық көрді, , деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Кейіннен белгілі болғандай, видеодағы полиция қызметкерінің аты-жөні - Жақсылық Сұлтанов. Оның айтуынша, ол үйдің арт жағынан аяғы сынған, кеудесінде кішкентай сәбиі бар әйелді тапқан.

«Әйеллің кеудесінде кішкентай сәби жатты. Алғашында оның бала екенін білмедім. Білген кезде баланы жедел жәрдемге беретінімді айтып едім, әйел келісімін берді», - дейді ол.

Жақсылық Сұлтановтың айтуынша, баланы көтере бергенде ол жылап қоя берген, бірақ жолда үні шықпай қалған. Ол бала дыбысын шығарса екен деп сілкіп, сосын нәрестені жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстаған.