Түркістанда бейтаныс әйелге пышақ сұғып алған күдікті ұсталды
Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады
Түркістанда бөтен үйге кіріп, әйелге пышақ сұққан күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 3 қыркүйегінде Түркістан қалалық Полиция басқармасына қалалық ауруханадан жергілікті тұрғын әйелдің дене жарақатымен жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына бірден тәртіп сақшылары жіберіліп, қылмысты ашу мен күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстарды жедел түрде іске асырды.
Анықталғандай, жергілікті тұрғын әйелдің үйіне бейтаныс ер адам шамамен сағат 10:20-да заңсыз кіріп келіп, пышақ жарақатын салған. Содан кейін ол қылмыс орнынан қашып кетіп, ізін суытқан. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша тіркеді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Күдікті ұсталып, Полиция басқармасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта ұсталған ер адам қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады.