09.09.2021, 12:37
Оқиғалар
Павлодарда бір мезетте 7 көлік соқтығысты
Жол-көлік оқиғасы Лермонтов көшесінде болды
Павлодарда бір мезетте 7 көлік соқтығысты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
9 қыркүйек сағат 09.07-де Audi автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіз қашықтықты сақтамай, жеті көлікпен - Lada, Nissan, Toyota, Honda және Ravon көліктеріне соғылды. Жол апаты Лермонтов көшесінде болды. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Audi жүргізушісінің айтуынша, көлік қозғалысы кезінде тежегіштер істен шығып, алда келе жатқан автокөлікпен соқтығысуға жол бермеуге тырысқан.
Аталған факті бойынша Audi жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды