ШҚО-да жанар-жағармай таситын көлік аударылды

Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті

Шығыс Қазақстанда жанар-жағармай таситын көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға “Өскемен-Риддер” тас жолында сағат 18:00 шамасында болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алдын ала болжам бойынша 17 тонна көлемінде жанар-жаға май аққан.

«Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетіп, өртті болдырмау үшін жанармай төгілген жерді көбікпен оқшаулады. Оқиға орнында 3 автоцистерна және жеке құрамнан 12 адам жұмыс істеуде», – деп түсіндірді ШҚО ТЖД.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға салдарынан екі адам зардап шеккен. Жедел-жәрдем дәрігерлерімен олар ауруханаға жеткізілді. Жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен жол уақытша жабылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.