09.09.2021, 09:18
Оқиғалар
Павлодарда Toyota Land Cruiser көлігі отқа оранды
Оқиғадан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Павлодарда Toyota Land Cruiser көлігі отқа оранды. Оқиға орнына жеке құрамнан 10 адам мен үш техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қыркүйек күні сағат 22.31-де Центральная промзона көшесі, 395/1 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен.
«Ашық аумақта 1998 жылы шыққан Toyota Land Cruiser 100 автокөлігінде жалпы ауданы 4 шаршы метр болатын мотор бөлігі, құралдар панелі толығымен жанып кетті. 10 шаршы метр алаңға жанар-жағармай төгілген», - делінген хабарламада.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 23.01-де сөндірілді. Көліктің жануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
Көп оқылған
27.06.2026, 09:19
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды
28.06.2026, 00:19
Маңғыстауда ауыл үстінен өткен алып шаңды құйын видеоға түсіп қалды
27.06.2026, 11:20
Қорғас тас жолындағы қайғылы апаттан бір отбасы қаза тапты
27.06.2026, 13:14
Жетісу облысындағы жол апатынан бес адам қаза тапты
27.06.2026, 08:32
Телефон мен биометрияны пайдаланатын жаңа алаяқтық: Ұлттық банк халыққа үндеу жасады
27.06.2026, 10:00
Еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды