24.08.2021, 14:08
Оқиғалар
Шымкентте ер адам көпірден секірмек болды
Суицид жасамақ болған азаматты полицейлер құтқарып алды
Шымкентте ер адам көпірден секірмек болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың 23 тамызында Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің инспекторлары Е. Ерубаев және Е. Жанысбаев қызмет атқару барысында ер адамның көпір жақтауына шығып, секіруге оқталғанын байқайды.
Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, көпір жақтауында тұрған жігітті қауіпсіз жерге шығарып үлгереді.
Өмірімен қош айтыспақ болған азаматқа профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
