ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 769 адамнан коронавирус анықталды

Ақтөбедегі жол апатында 11 көлік соқтығысты

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 9 адам зардап шекті

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында ірі жол көлік оқиғасы болып, тоғыз адам зардап шекті. Ауа райының қолайсыздығынан тас жолда 11 көлік соқтығысқан, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Жүргізушілерге көктайғақ пен боран кедергі келтірген. Жол апаты Хромтау ауданында Самара-Шымкент тас жолының 859 шақырымында болған. 11 автокөліктің сегізі жеңіл көлік, екеуі жүк көлігі, бірі газель. Зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілген. Арасында аяғы ауыр келіншек те бар.

«Ауруханаға тоғыз адам түсті. Қазір олардың біреуі ғана ауруханада ем алып жатыр. Қалғаны емханалық емдеуге ауыстырылды. Жағдайлары жақсы», - деді Хромтау аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Людмила Волненко.