ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Қызылордада эвакуатор мен жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты

Жол апаты «Шымкент-Самара» тас жолының бойында болған

Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысында жеңіл көлікті тасымалдап бара жатқан «ГАЗель» эвакуаторы мен жүк көлігі соқтығысып қалды. Салдарынан «ГАЗель» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жол апаты Қармақшы ауданы Ақжар елді мекені тұсындағы республикалық маңызы бар «Шымкент-Самара» тасжолының бойында болған. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Онда көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі мен көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.