$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.08.2021, 09:56
Оқиғалар

Қордайда 10 жасар бала аттракционнан құлады

Оқыс оқиға болған ойын алаңында техинкалық талап қаншалықты сақталғаны тексеріліп жатыр

Қордайда 10 жасар бала аттракционнан құлады

Жамбыл облысының Қордай ауданында 10 жасар бала аттракционнан құлап, жазым бола жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.   

Әлеуметтік желіде тараған видеода үш баланың отырғаны анық көрінеді. Ал үлкендердің біреуі бәрін видеоға түсіріп тұр. Аттракционды қосып қалғанда бір бала жерді сүзіп тұрып, қатты құлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 9 тамызда болған. Аттракционнан құлаған 4-сынып оқушысы медициналық көмекке жүгінбеген. Ата-анасы полицияға да арыз түсірмепті. Әкімдік қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, бала абайсызда қауіпсіздік белдігін шешіп тастаған. 

"Бала қауіпсіздік белдігін шешіп тастады. Сол себепті жерге құлаған. Саябақ дирекциясы аттракцион жұмысын уақытша тоқтатуға шешім қабылдады", - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрболат Сатымқұл. 

Оқыс оқиға болған ойын алаңында техинкалық талап қаншалықты сақталғаны тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары