ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 870 мыңнан асты

Семейде ерлікпен қаза тапқан жеткіншектің ата-анасына медаль табысталды

Дәрігерлер Нұржігітті құтқарып қала алмады

Фото: inform.kz

Семейде 14 жастағы жеткіншек жүзе алмайтынын біле тұра қызды құтқарып қалды. Бірақ өзі көз жұмды. Ерлікпен қайтыс болған Нұржігіт Әшімжанов «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды, бұл награда батыр ұлдың ата-анасына табысталды.

Оқиға осыдан бір ай бұрын - 30 маусымда болған. Нұржігіт Ертіс өзенінің жағасында суға батып бара жатқан қызды көріп қалады. Сосын өзі жүзе алмаса да, оны құтқару үшін суға секірген. Жүзіп жетеді де қызды жағаға қарай итеріп жіберді. Осылайша, қыз аман қалған. Алайда Нұржігіттің судан шығуға шамасы жетпеді. Оны есінен танып қалған кезде сол маңдағы куәгерлер алып шыққан.

Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы да келіп жеткенімен, дәрігерлер Нұржігітті құтқарып қала алмады.