$ 494.75  586.77  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.07.2021, 22:56
Оқиғалар

Ақтауда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар анықталды

Қаскүнемдер кассадан 1 150 000 теңге ақша қаражатын ұрлаған

Ақтауда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 22 шілдесі күні Ақтау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне «LOTO-CLUB» букмекерлік кеңсесіне белгісіз екі адамның қарақшылық шабуыл жасағандығы жөнінде хабарлама келіп түсті.

Қаскүнемдер күзетші мен касса қызметкерін пышақпен қорқытып, кассадан 1 150 000 теңге ақша қаражатын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық rодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады.

Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ұсталғандарға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.