ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны азайып келеді

Мойынқұмда мектеп қабырғасында болған директор мен орынбасарының «ашық махаббаты» көптің ашуын туғызды

Білім басқармасындағылар мектеп басшысына қатаң сөгіс жарияланғанын айтты

скриншот: видео

Мойынқұм ауданы, Сарыөзек ауылындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі директорының міндетін атқарушы Ержан Жаңабаев пен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кенжекүл Бақыбаеваның арасында болған оқу ордасындағы «ашық махаббаты» әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Маржан Әуезова есімді желі қолданушысы жазды.

«Директор жане оқу ісінің орынбасары екеуінің арасында «Служебный роман» жайлы мектеп мұғалімдері, оқушылар мен ата-аналардың хабары болған. Директор жане оқу ісінің орынбасары арасындағы мектеп қабырғасында болып жатқан «ашық махаббаты» мұғалімдер мен оқушылардың шамына тиген. 25 сәуірде екеуінің арасында болған «ашық махаббат» видеотаспаға ілінген. Бұл жағдайды Қамқоршылық кеңесінің төрағасы біле тұра Білім және ғылым министрлігіне хабарламаған.

Достар, мектеп директоры және оқу ісінің орынбасары осылай үлгі көрсетіп жүргендері дұрыс деп ойлайсыздарма? Біздің болашақ жастарымызға қандай білім,тәрбие көрсетіп жүргендері?», - деп жазды ол.

Бұл жағдайға қатысты Жамбыл облысы Білім басқармасындағылар пікір білдіріп, екеуі отбасын құрғалы жүргенін айтты.

«Ержан Жаңабаев Мойынқұм ауданы, Сарыөзек ауылындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі директорының міндетін уақытша атқаруда. Бейнероликтегі мәселе бойынша Е.Жаңабаевқа 2021 жылдың 26 мамырында Мойынқұм аудандық білім бөлімінің №140 бұйрығымен «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.

Директордың міндетін атқарушы Е.Жаңабаев пен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Бақыбаева отбасын құрмаған. Бір-бірімен отбасын құру ниеттері бар», - деп жауап берді.