$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.04.2021, 09:14
Оқиғалар

Түркістан қаласында мас жүргізушінің соңынан қуған полиция көлігі жол апатына ұшырады

Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ

Түркістан қаласында мас жүргізушінің соңынан қуған полиция көлігі жол апатына ұшырады
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан қаласында полиция қызметкерлері облыс патрульдеу кезінде жүргізушісі күдік туғызған Mercedes көлігіне назар аударды. Жеңіл көлік жүргізушісі жылдамдығын күшейтіп, полицейлердің «тоқта» деген заңды талабына бағынбай, ізін жасыруға тырысқан. Алайда патрульдік көлік оның ізіне түсіп, УАЗ-452 автокөлігіне соқтығысты.

Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өз кезегінде Mercedes жүргізушісін полиция дер кезінде ұстап, куәландырды. Сараптама қорытындысы бойынша жергілікті тұрғын - ер азаматтың орта дәрежеде мас күйде көлік басқарғаны анықталды.

Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 8-бабы бойынша (КҚ пайдалану, маневр жасау ережелерін, бағдаршамның тыйым салатын түсін елемей жол жүргені, жаяу жүргіншілердің жүруіне жол бермегені, КҚ жүргізушілерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын бұзғаны, апаттық жағдай туғызғаны, ішкі істер органдары қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны және көлікті мас күйінде басқарғаны үшін) әкімшілік хаттамалар түзілді. Жиналған материалдарды полиция сотқа жібереді.

Серіктес жаңалықтары