09.12.2019, 10:18
Оқиғалар
Өткен демалыста 28 адам қар құрсауынан құтқарылған
Олардың қатарында зардап шеккендер жоқ
Өткен аптаның сенбі-жексенбісінде ауа райының күрт бұзылуына байланысты ТЖК мамандары республика аумағындағы құтқару жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 159 адам қауіпсіз жерге шығарылып, 28 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Құтқару жұмыстары Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында жүргізілді. Төтеншеліктер кептелістен барлығы 102 автокөлікті алып шықты. Олардың қатарында «Сургут-Шымкент» бағытында қатынаған автобус та бар. Қоғамдық көліктің салонында барлығы 69 жолаушы болыпты. Олардың екеуі кішкентай бала. Құтқарушылар оларды жылыту орталығына апарып, жол ашылғаннан кейін автобус қайта жүріп кеткен.

Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты