09.12.2019, 10:10
Оқиғалар
Қарағандыда тергеу изоляторынан ер адамның мәйіті табылды
Оны бір камерада отырған өзге күдікті өлтірген
Фото: sputniknews.kz
Қарағанды облысындағы тергеу изоляторында ер адамның мәйіті табылды, деп жазады Айқын газеті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеген.
«Оқиға Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторында болған. Күдіктілер арасында жанжал туып, соңы төбелеске ұласқан. Олардың бірі екіншісін жаралап, салдарынан ер адам қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды