09.12.2019, 09:50
Оқиғалар
Алматыда бос тұрған ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылды
Бұл іске қатысты сотса дейінгі тергеу басталды
Фото: ашық дереккөзден
Алматыда бос ғимараттан жаңа туған баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фейсбук қолданушыларының бірі хабарлағандай, шақалақтың денесі Сайран көлінің жоғарғы жағындағы бос ғимараттардың бірінен табылған.
Полиция департаменті бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
«Жедел-тергеу тобы құрылды. Олар жақын арада баланың анасын табады және шақалақтың неден өлгенін анықтайтын болады», - деп мәлім етті Алматы қаласының Полиция департаменті.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды