ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 820 адам коронавирус жұқтырған

Қолына балта ұстаған ер адам автобусқа шабуыл жасады

Оның психикалық ауытқуы бар болып шықты

Талдықорған полицейлері жолаушылар автобусына балтамен шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 6 желтоқсан күні таңғы 7:00 шамасында қалаға қарасты Еркін ауылында болған. Белгісіз ер адам балтамен автобус терезелерін сындырған.

«Полицияның мәліметінше, оқиға соңғы аялдамада орын алған. Оған бірнеше адам куә болған. Бұзақының әрекетінен ешкім зардап шекпеген. Ер адам ұсталып, осы іске қатысты қылмыстық тергеу шаралары басталды», - делінген хабарламада.

8 желтоқсанда Талдықорған полицейлері күдіктінің кім екенін анықтады. Ол қалалық полицияға жеткізілді.

«Ұсталған азамат ресми түрде медициналық есепте тұратын, психикалық ауытқуы бар 49 жастағы ер адам.  Куәгерлер де оны таныды. Балта да табылып, тәркіленді», - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.