$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.12.2019, 11:42
Оқиғалар

Алматыда 53 жастағы ер адам көршінің мүгедек қызын азаптап зорлаған

Бұл туралы біреуге тіс жарса өлтіремін деп қорқытқан

Алматыда 53 жастағы ер адам көршінің мүгедек қызын азаптап зорлаған

Алматыда үшінші топтағы мүгедек қызды көршісі ұрып-соғып, бірнеше рет зорлаған. Бұл туралы «НеМолчи.kz» қозғалысының өкілдері Facebook әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

Оқиға 29 қараша күні болған көрінеді. 53 жастағы ер адам мүгедек қызды зорлауымен қоймай, оған мәжбүрлеп есірткі берген.

«Ол жарымжан қызды өзінің гаражына алып келіп, 5 сағаттай азаптаған. Ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқытқан. Кейін телефонынан қыздардың фотосуреттерін көрсетіп, оларды да зорлағанын, кейін өлтіргенін айтқан. Егер айтқанын орындамаса оны да өлтіріп, көміп тастаймын деп қорқытқан», - делінген аталған жазбада.

Жәбірленген қыз ер адамнан қашып құтылып, дереу үйіндегілерге болған жайтты айтыпты. Қазір бұл іспен полицейлер айналысып жатыр.

«Медеу аудандық Полиция бөліміне арыз 30 қараша күні келіп түсті. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-тармағы бойынша (Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген қалалық Полиция департаментінің ақпаратында.

Серіктес жаңалықтары