ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Павлодар облысында балықтардың жаппай қырылу себебі анықталып жатыр

Балықтарда патология анықталған жоқ

Павлодар облысында балықтардың жаппай қырылу себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы Ленин кентіндегі балықтардың жаппай қырылуына қатысты түсініктеме берді. 

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде балықтардың жағада шашылып жатқаны түсірілген видео пайда болды.

«Аталған факт бойынша уәкілетті органдар ғылыми ұйымдар мен ветеринарлық қызметтерді тарта отырып, тексеріс жүргізді.

Балықтардың қырылуы тереңдігі 1,0-ден 1,5 метрге дейін болатын су қоймасының толық мұздауына байланысты екені анықталды. Су мен балық сынамалары алынды, сараптама қорытындысы балықтарда патология жоқ екенін көрсетті», - дейді ведомстводағылар.

15 сәуірде жағалауды балықтан тазарту жүргізіледі.