15.04.2021, 08:58
Оқиғалар
Щучьеде жүкті әйелді алып бара жатқан жедел жәрдем көлігіне оқ атылды
Аяғы ауыр келіншек ауруханаға аман-есен жеткізілді
Фото: ашық дереккөзден
Щучьеде жедел жәрдем көлігіне оқ атты, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Ақмола облысының Щучье қаласында науқасты ауруханаға жеткізуге асыққан 103 көлігіне шабуыл жасалды. Осы сәтте көлік ішінде екіқабат келіншек болған.
Бейнежазбаны түсіріп тұрған – 103 көлігіндегі медицина қызметкерлері. Көлікке кімнің неге оқ атқанын түсіне алмай дал. Олар тек қарудың тарс еткен дыбысын естіген. Әйнекті тесіп өткен оқ ешкімге тимеген. Тек аздап шошынып қалған 26 жастағы аяғы ауыр келіншек аман-есен ауруханаға жеткізілді.
Тәртіп сақшылары жедел жәрдемге оқ атқан адамды іздеуге кірісті.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді