$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.04.2021, 11:41
Оқиғалар

Карантин: Мақтаарал ауданында құдалық тоқтатылды

Тойға 70-ке жуық адам жиналған

Карантин: Мақтаарал ауданында құдалық тоқтатылды

Мақтаарал ауданында карантинге қарамастан құдалық той жасаған тұрғын анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда коронавирус індетіне байланысты елімізде карантин режимі енгізілгені баршамызға белгілі. Осыған қарамастан, облыс тұрғындары ағайын-туыс, дос-жарандарын шақырып, ұлан-асыр той жасауларын тоқтатар емес. Осы тұста карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында құрылған арнайы мобильдік топтар, той-жиындарға жиналған көпшілікті тарқатуда. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Мәселен, Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері сағат 13:00 шамасында мақтааралдық тұрғынның үйінде құдалық тойын өткізіп жатқанын анықтады. Тойға 70-ке жуық адам жиналған. Мобильдік топ мүшелері жиналған жұртшылыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тойды дер кезінде тоқтатты.

Жалпыға ортақ шектеу шараларын сақтамауымен қатар, карантин талаптарын елемеген той иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық СЭББ-ға жолданды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері барлық азаматтарға карантин кезінде сақтық шараларды ұстанып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды, басқосулар мен той-жиындарды жасамауды ескертеді. Карантин ескерілмей, құқық бұзушылыққа жол берілген жағдайда, заң аясында жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан немқұрайдылық танытпай, өз саулықтарыңыз үшін карантин талаптарын ұстанғандарыңыз жөн.

Серіктес жаңалықтары