$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.04.2021, 12:15
Оқиғалар

Павлодарда екі жаяу жүргіншіні қаққан әйел сотталды

Жол-көлік оқиғасы өткен жылдың қараша айында болған

Павлодарда екі жаяу жүргіншіні қаққан әйел сотталды

Павлодарда екі жаяу жүргіншіні қаққан әйелге қатысты сот үкімі шықты. BMW автокөлігінің тізгінін 28 жастағы әйел басқарған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Жол-көлік оқиғасы 2020 жылдың 10 қарашасында облыс орталығындағы Сәтбаев көшесінде болған.

Екі әйел жолдан жаяу жүргіншілер бөлігімен өтіп бара жатқан. Алайда көліктегі әйел оларға жол бермеген. 66 жастағы павлодарлық әйелдің денсаулығына орташа дәрежеде зиян келтірілді. Екінші жаяу жүргінші, 63 жастағы әйел ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Сотталушының кінәсі оның айғақтарымен және жәбірленушілермен, сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді. Жүргізуші өзінің кінәсін толығымен мойындады.

«Сот азаматша К.-ны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқарумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы үкім шығарды», - деп хабарлады Павлодар қаласының №2 сотының соты Жанар Тұрлыбаева.

Автокөлік жүргізушісі жазасын ең төменгі қауіпсіздігі бар қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Сотталған әйел алты жасар ұл мен 66 жастағы анасын асырап отыр. Сот қаулысымен олар жақын туысының қарауына берілді.

Сонымен қатар, сот жәбірленушілердің азаматтық талаптарының бір бөлігін қанағаттандырды. Олардың пайдасына сотталушыдан моральдық және мүліктік зиянды өтеу ретінде 4 087 138 теңге өндірілді.

Жүргізуші әйел сот залында қамауға алынды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары