12.04.2021, 10:59
Оқиғалар
Ақтөбе облысындағы жеке үйлердің бірінде белгісіз зат жарылды: екі әйел жансақтау бөлімінде
Жеті адам зардап шекті, оның үшеуі балалар
11 сәуір сағат 16:00 шамасында Хромтау ауданына қарасты Ақжар ауылындағы жер үйлердің бірінде жарылыс болды. Жарылыс салдарынан үйдің бір бөлігі құлап, жеті адам жарақат алды, оның үшеуі балалар.
Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккен жандардың бәрін күйік шалған. Жарылған газ емес, ақ түсті зат. Екі әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған күйік шалған тұрғындар (балалар да бар - ред.) Хромтау аудандық ауруханасының палатасына жатқызылған.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды