ШұғылҚазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру бойынша 800-ге жуық жағдай тіркелді

Су тасқыны қаупіне байланысты 9 облыста жедел штаб құрылды

ШҚО-да еріген қар суынан 1 тұрғын үй мен 3 үй маңындағы аумақ су астында қалды

 

Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында 1 тұрғын үйді және үй маңындағы 3 аумақты су басты. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазіргі таңда республика бойынша жағдай тұрақты. Азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының іс-қимылын үйлестіру үшін 9 өңірде республикалық жедел штаб құрылды. Олар елорда мен Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан», - делінген ведомствоның мәліметінде.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, барлық аймақта су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өткен тәулікте ШҚО Бородулиха ауданының Орловка ауылында еріген қар суынан 1 тұрғын үй және 3 тұрғын үйдің аулалық аумағы су астында қалды.

Еріген су кентке Жезкент кентінің жағынан егістіктен келеді,  су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін әкімдіктің 2 бірлік техникасы және 4 қызметкері, ШҚО ТЖД жеке құрамынан 3 бірлік техника, 4 мотопомпа, 1 қайық және 24 адам жұмылдырылды. Эвакуация пункті ұйымдастырылды, бірақ үй тұрғындары эвакуациядан бас тартты.

Түркістан облысының таулы жерлерінде жауын-шашын жаууына байланысты Сасық өзенінде су деңгейі көтеріліп, тұрғын үйлердің 2 аула аумағын су басты. Су деңгейі – 20 см.

ЖАО (18 қызметкер, 4 бірлік техника) және ТЖД күштері мен құралдары (13 қызметкер, 2 мотопомпа, 3 бірлік техника) суды сору жұмыстары жүргізілуде. Бүгінле су деңгейі 20 см-ге төмендеді.