$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2021, 01:39
Оқиғалар

Атырауда балабақша тәрбиешісі бүлдіршіннің шашынан сүйреген

21 жастағы келіншек мектепке дейінгі мекемеде бір жылдан бері жұмыс істеген

Атырауда бүлдіршіннің шашынан сүйреген тәрбиешіге қатысты қызметтік тексеріс басталды. Әлеуметтік желіде тараған видеода, тәрбиешінің кішкентай қыз баланы шашынан сүйрей жөнелгені анық көрінеді. Бүлдіршінің құлағанына да мән бермейді, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Оқиға наурыздың 29-ы күні Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылындағы «Балдырған» балабақшасында болған. Тәрбиешінің жұмысына күмәнмен қараған ата -ана топтағы бейнебақылау камерасы жазылған таспаны қарауды өтінген. 21 жастағы келіншектің мектепке дейінгі мекемеге тәрбиеші болып орналасқанына жылдан асыпты.

«Әлеуметтік желіге жарияланған видеоның әрбір минутын, әрбір секундын қарап жатырмыз. Қазір біз тәрбиешінің тарапынан да, балабақша меңгерушісінің уақытша қызметі лауазымындағы адамнан да, әдіскерлер, жалпы барлық қызметкерлер тарапынан жеке-жеке түсініктеме алып жатырмыз», - деді Атырау облысы Жылыой аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары Гүлжансара Таңатарова.

«Әлеуметтік желіде тараған бенежазбадағы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы, яғни кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді  орындамауы бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Серіктес жаңалықтары