ШұғылКоронавирус пен КВИ пневмониясынан бір тәулікте 32 қазақстандық қайтыс болды

Қызылордалық тұрғын үй ауласындағы құдыққа құлап көз жұмды

Марқұмның денесі бірнеше күн бойы кәріз құдығында жатып қалған

Қызылордада оқыс жағдай орын алды. Өз ауласындағы кәріз құдығына үй иесі абайсызда құлап кеткен. Бірақ оны құтқару мүмкін болмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Тұрғын оқиға орнында қайтыс болған. Бұл жағдай қала іргесіндегі «Ягодка» саяжайында тіркеліп отыр.

1966 жылы туған азамат тереңдігі шамамен 1 метр болатын кәріз құдығына құлап кеткен. Бірнеше күн жатып қалыпты. Өйткені үйде ешкім болмаған дейді төтенше жағдай мамандары.

«Қазіргі таңда ол мәйіт ІІМ-не өткізілді. Себебі анықталуда қазіргі таңда. Түсіп кеткен уақыты 4-5 күннің шамасын құрайды. Оны экспертизалар анықтайды», - деді Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі ММ-нің бастығы Нұрсұлтан Ибрагимов.