ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 6797 адамнан коронавирус анықталды

Ұлттық банктің бұрынғы басшысының ұлы көз жұмды

Григорий Марченконың ұлы небәрі 24 жаста болған

Фото: kursiv.kz

Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Григорий Марченконың ұлы көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

«Ұлым қайғылы оқиға салдарынан қайтыс болды. Ол небәрі 24 жаста еді», - деп жауап берген Г. Марченко басылымға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Григорий Марченко - белгілі қазақстандық қаржыгер. Екі рет Ұлттық банктің төрағасы қызметін атқарған. Банкир 1959 жылы 26 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Ол 1999 жылдың қазанынан 2004 жылдың қаңтарына дейін, сондай-ақ, 2009 жылдың қаңтарынан 2013 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы қызметін атқарды.

2020 жылдың қазанында Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.

Azattyq Rýhy редакциясы Григорий Марченкоға ұлы Ярославтың қазасына байланысты көңіл айтады.