$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.02.2021, 10:06
Оқиғалар

Ақтөбеде 15 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, ВИЧ жұқтырған азамат сотталды

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады

Ақтөбеде 15 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, ВИЧ жұқтырған азамат сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Кәмелетке толмаған адаммен байланысы үшін 41 жастағы азамат 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның үстіне, ер адам он бес жастағы қызға АИТВ (ВИЧ- ред.) жұқтырған. Тергеу барысында қылмыскер өз ауруы туралы білсе де, екі жыл қатарынан жас жәбірленушімен жақын қарым-қатынаста болғанын анықтады, деп хабарлады КТК. 

Қылмыстық іс бірден екі бап бойынша қозғалды. Жабық процесс барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады.

"Сот үкімімен ол ҚР ҚК-нің 118-бабының үшінші бөлігінде, 122-бабының төртінші бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған төтенше қауіпсіз қылмыстық-түзету жүйесі мекемелерінде 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - дейді Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Жұлдыз Сайманова. 

Серіктес жаңалықтары