22.02.2021, 01:39
Оқиғалар
Петропавлда болған жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды
Жедел тергеу тобы құрылды
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Петропавлда көп қабатты үйде болған жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көпқабатты үйдегі жарылысқа байланысты «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Жедел тергеу тобы құрылды. Жарылыстың неден болғанын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істің тергелу барысы облыс прокурорының бақылауында болады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
