ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

Петропавлда газ баллоны жарылысынан 2 адам қаза тапты

Көпқабатты үйден 120-ға жуық адам эвакуацияланды

Фото: © Sputnik

Петропавлда бес қабатты үйде газ баллоны жарылып, екі адам оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

21 ақпан күні сағат 15.59 минутта «101» нөміріне Петропавлдағы Интернационал көшесі 21-ші үйдің бірінші қабатында газ баллоны жарылғаны және оның артынан өрттің басталғаны туралы хабар түскен.

Төтеншеліктер жарылыс болған жерде бірнеше кәсіпкерлік нысан, оның ішінде, дәмхана мен шаштараз орналасқанын атап өтті.

«Газ баллоны дәмханалардың бірінде жарылған. Құтқарушылар үш адамды қауіпсіз жерге шығарғанымен, олардың екеуі көз жұмды», - делінген хабарламада.   

Бұрын жатақхана болған, кейін жекешелендірілген көпқабатты үйден 120-ға жуық адам эвакуацияланды. Қазір оқиға орнында облыс орталығының барлық өрт сөндіру бөлімдері жұмылдырылған.