22.02.2021, 02:45
Оқиғалар
Теміртауда бес қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 8 адам эвакуацияланды
Оның ішінде 2 бала құтқарылды
Фото: ашық дереккөзден
Теміртауда бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер өртенді. Тұрғын үйден 8 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның екеуі бала, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі,
«21 ақпан күні сағат 10:53-те Теміртау қаласының О.Тищенко көшесіндегі үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бес қабатты тұрғын үйдің 2-қабаттағы пәтерінде жалпы ауданы 8 шаршы метр алаңда ағаш қалқан және үй заттары жанған. Өрт сағат 11:31-де толық сөндірілді. Құтқарушылардың күшімен подъездегі пәтерлерден 6 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылып, 8 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді», делінген хабарламада.
Көп оқылған
16.11.2026, 15:57
«Тәрбиені күшейту керек»: Астанада аспаннан доллар «жауғаннан» кейін Сәденов Тоқаевтан ескерту алған
16.11.2026, 13:22
Қара маскадағы қарақшы, адам өлімі, айналадағы полиция: Ақтөбе қаласында не болып жатыр
