$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.11.2019, 16:16
Оқиғалар

Алматыда адам қағып өлтірген жүргізуші бойжеткен түрмеге қамалуы мүмкін

Айыптаушы тарап қала тұрғынын қамау туралы шешімді қолдап, бұл туралы Алматының ауданаралық тергеу сотына жіберіпті

Алматыда адам қағып өлтірген жүргізуші бойжеткен түрмеге қамалуы мүмкін

Алматыда ішімдікке тойып алып, жаяу жүргіншіні қағып өлтірген әйелді түрмеге қамауы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Айыптаушы тарап қала тұрғынын қамау туралы шешімді қолдап, бұл туралы Алматының ауданаралық тергеу сотына жіберіпті. 

«Прокуратура жаяу келе жатқан адамды қағып өлтірген азаматшыны бас бостандығынан айыру туралы үкімді қолдады. Қазіргі таңда тергеу барысын Алматы қаласының прокуратурасы қолға алды», - деді Полиция басқармасының баспасөз-қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қараша күні жол апаты MEGA Alma-Ata сауда орталығына қарама-қарсы болған еді. 1992 жылғы бойжеткен көлік жүргізіп отырып, ұйықтап кетіпті, салдарынан жаяу кетіп бара жатқан жүргіншіні қағып өлтірген. 

ПД-нің мәлімдеуінше, бойжеткен оның үстіне мас болған көрінеді. Оқиғадан кейін ол изоляторға қамауға алынған.

Серіктес жаңалықтары